Прокурорлар мен полицейлер мобильді құрылғылардың цифрлық криминалистика дағдыларына үйренді

Технологияның жедел дамуы және қылмыстық әрекеттің киберкеңістікке, әсіресе мобильді құрылғылар мен интернет арқылы өтуі жағдайында құқық қорғау органдары үшін мамандандырылған оқытудың шұғыл қажеттілігі туындады.

Ол үшін ағымдағы жылдың 8-12 сәуір аралығында Құқық қорғау органдары академиясы Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен прокуратура және ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін «Мобильді құрылғылардың цифрлық криминалистикасына кіріспе» тақырыбында оқу курсын өткізді.

Курс бағдарламасына файлдық жүйеден деректерді алу әдістерін үйрену, смартфондардың сақтық көшірмелерін декодтау, жойылған браузер кэш элементтерін қалпына келтіру, кэштелген және жойылған электрондық пошта хабарларын талдау кірді. Бұл дағдылар құқық қорғау органдарына киберқылмыстарды тиімдірек тергеуге және тоқтатуға мүмкіндік береді.

Курсқа қатысқан АҚШ сарапшылары өздерінің тәжірибелерімен және цифрлық криминалистикадағы соңғы жетістіктерімен бөлісті, бұл оқытудың практикалық бағытын айтарлықтай арттырды.

Құқық қорғау органдары академиясы қазіргі заманғы, тез өзгеріп отыратын технологиялар әлемінің күрделілігіне сеніммен және кәсібилікпен қарсы тұруға дайын мамандарды даярлау мақсатын ұстанады. Біз заңдылық негіздерін нығайта және қоғамымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, осы маңызды жұмысты жалғастыруға қуаныштымыз.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі