Академияның білім алушылары Жоғары Сот Кеңесінің семинарына қатысты

Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінде Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистратурасы мен докторантурасының білім алушыларына арналған «Қалай судья болуға болады» тақырыбында семинар өтті.

Оқу іс-шарасы тыңдаушыларды судьяларды іріктеу тәртібі туралы ақпараттандыруға және сот жүйесіне білікті заңгерлерді тартуға бағытталған.

Семинарды заң ғылымдарының докторы, Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Е.Н. Бегалиев ашты. Дәріскерлер ретінде оның әріптестері С.А. Амиртаев, Ә.Б. Жакулин және С.О. Шаров, сондай-ақ Жоғары Сот Кеңесі аппаратының бас консультанты С.О. Сәлімжанова сөз сөйледі. Баяндамалар аясында конкурстық іріктеуге, оны өту кезеңдеріне, сондай-ақ біліктілік емтиханын тапсыру және тағылымдамадан өту ерекшеліктеріне қатысты мәселелер қамтылды.

Іс-шара кезінде сындарлы пікірталастар орын алып, дәріскерлерге көптеген сұрақтар қойылды. Бұл семинар тақырыбынына қатысушылар тарапынан қызығушылық туындағанын айқындайды, олар шараның жоғары деңгейде өткенін және өзекті сұрақтың қаралғанын атап өтті.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі