Гендерлік-сезімтал кадр саясаты бойынша тренинг басталды

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында гендерлік-сезімтал кадр саясатын қалыптастыру мәселелеріне арналған екі күндік тренинг басталды.

Тренингті Академия ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен әйелдердің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысуына бағытталған БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде ұйымдастырды.

Іс-шараға Бас прокуратураның кадр қызметтерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Сот әкімшілігінің, Қорғаныс және төтенше жағдайлар министрліктерінің, Ұлттық ұланның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері қатысады.

Академия проректоры Маралбек Ешимов өз сөзінде құқық қорғау органдарының кадр саясатындағы гендерлік сезімталдықты дамыту неғұрлым әділ және инклюзивті қоғам құруға ықпал ететінін атап өтті.

Оқытудың негізгі мақсаты гендерлік теңдік саласындағы кадрлық қызметтердің біліктілігін арттыру және әйелдерді жетекші орындарға жылжыту болып табылады. Іс-шара сонымен қатар Қазақстанның Бейжің декларациясы бойынша міндеттемелерін орындауға және 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған.

Тренинг барысында қатысушылар гендерлік аспектілерді ескере отырып, кадр саясатын әзірлеуді, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділікпен жұмыс ортасының қауіпсіздігін талқылайды.

Мұндай іс-шараларды өткізу Қазақстан Республикасының гендерлік теңдікке және барлығына, оның ішінде құқық қорғау қызметі саласында тең мүмкіндіктерді ілгерілету жөніндегі күш-жігерге бейімділігін атап көрсетеді.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі