Абайдың «38-ші қара сөзінің» жұмбағы шешілді

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында белгілі абайтанушы Сұлтан Ыбыраймен «Жарым адамнан – Толық адамға» атты семинар-тренинг өтті.

Алматы энергетика және байланыс университетінің табысты түлегі, кәсіби радиотехник және техника ғылымдары саласындағы сарапшы С.Ыбырай Ұлы Абайдың шығармашылығы мен даналығына ерекше көзқарас танытты.

Германияда, жетекші компанияларда, соның ішінде «Rohde & Schwarz» жабдық өндірушілер тобында беделді лауазымдарда айтарлықтай тәжірибесі әрі техникалық ғылымдар саласында кең білімі бар ол Абайдың «38-ші қара сөзінің» құпияларын зерттеу және шешу жолын таңдаған.

Абайдың «38-ші қара сөзіне» қатысты барлық дәлелдер мен тұжырымдар Сұлтан Ыбырайдың қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде басылған «Жарым адамнан – Толық адамға» атты арнайы авторлық кітабында баяндалған.

Семинар-тренинг барысында Сұлтан Ыбырай Академия қызметкерлерімен және білім алушыларымен Абайдың шығармашылығы туралы инновациялық тәсілмен және ғылыми тұжырымдармен бөлісті.

Қонақ ұсынған заманауи қоғамда «Өзін-өзі қамтамасыз ететін адам» — мінсіз тұлғаны қалыптастырудың жаңа идеялары мен практикалық мысалдары іс-шараға қатысушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Магистранттар мен докторанттар белсенді сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді.

Мұндай іс-шаралар Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» Ұлттық құрылтайының үшінші отырысында жариялаған идеяларын іс жүзінде іске асыру болып табылады.

 

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі