Специалитет тыңдаушылардың құқық қорғау органының басшысымен кездесуі

Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Дмитрий Малаховтың шақыруымен Құқық қорғау органдары академиясының алғашқы кәсіби даярлығының тыңдаушыларымен кездесу өтті.

Кездесу барысында ведомство басшысы қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы өзекті бағыттары, сондай-ақ экономикалық және қаржылық құқық бұзушылықтарды алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу мен тергеу туралы айтты.

Ведомствоның тиісті бөлімшелерінің қызметкерлері болашақ әріптестерімен параллельді қаржылық тергеулер жүргізудегі практикалық тәжірибелерімен және нәтижелерді визуализациялау нұсқаларымен бөлісті, сондай-ақ өздерінің озық мүмкіндіктерімен таныстырды.

Д. Малахов тыңдаушыларға қаржылық құқық бұзушылық тақырыбына қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдірді, болашақ қызметкерлерді өз қызметтерін абыроймен атқаруға және олардың шешімдері адамдардың шынайы тағдыры мен өміріне әсер ететінін есте сақтауға шақырды, оларға табысты және жемісті оқу тіледі.

Өз кезегінде Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Марат Сексембаев іс-шараны ұйымдастырғаны үшін Агенттік төрағасына алғысын білдіріп, мұндай кездесулер тыңдаушылар үшін оқуда жақсы нәтижелерге қол жеткізуге үлкен ынталандыру екенін атап өтті.

Ол өз сөзінде алған білімдерін тиімді дайындау мен бекітуді қамтамасыз ету үшін оқытудың басым бөлігі ағымдағы талаптарын ескере отырып әзірленген Агенттік қызметінің негізгі бағыттарын қамтитын әдістемелік ұсыныстарға негізделген оқу материалдарымен практикалық сабақтарын және тәжірибеге ерекше бөлінгенін атап өтті.

2021 жылдан бері Құқық қорғау академиясы Экономикалық тергеу қызметіне 200-ге жуық тыңдаушыларды шығарды, қазіргі уақытта даярлықтан тағы 40 болашақ қызметкер өтуде.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі