Волейболдан турнир

Наурыз мейрамы қарсаңында және салауатты өмір салтын насихаттау аясында Құқық қорғау органдары академиясының профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім алушылары арасында волейболдан турнир өткізілді.

Турнирге 5 команда қатысты, олардың құрамына міндетті түрде әйелдер өкілдері енгізілді. Жеңіс үшін күресте ойыншылар ойынның тамаша деңгейі мен бірлігін көрсетті.

Нәтижесінде келесі жүлделі орындар таратылды.

Жарыстың жеңімпазы Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының профессорлық-оқытушылар құрамының командасы болып танылды. Екінші орын ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистранттар командасына, үшінші орын – бейіндік бағыттағы магистранттар командасына берілді.

Ең үздік магистранттар мен докторанттар келесі атақтарға ие болды: «Үздік ойыншы» – Данияр Муканов; «Үздік шабуылшы» – Пердехан Ислам; «Үздік қорғаушы» – Айжан Абишева; «Үздік байланыстырушы» – Жанат Тураханова; «Үздік либеро» – Гүлжан Камзина.

Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар кубоктармен, сыйлықтармен және грамоталармен марапатталды.

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі