Прокуратура органдарының ардагерімен кездесу

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында алғашқы кәсіби даярлық тыңдаушыларының Алматы облысы прокуратурасы органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіберік Әділбековпен кездесуі өтті.

Шақырылған қонақ ұзақ жылдар прокурорлық қызметте болған, оның ішінде Алматы, Ақмола және Қостанай облыстарының прокуратураларында еңбек еткен.

Ол мәдениет қайраткері, фольклоршы, композитор, «Жетісу» айтыс және жыр мектебінің ізбасары және жетекшісі. «Ұлт рухы», «Ғасырлар үні» және «Елдік пен ерліктің шежіресі жырлары» атты маңызды тарихи еңбектердің авторы.

Қонақты қарсы ала отырып, Академия проректоры Маралбек Ешімов оның мемлекет алдындағы кәсіби еңбегін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

Әбдіберік Әділбековтің әңгімесі тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды. Ол өзінің өмірбаянының әртүрлі кезеңдері туралы айтып, өмірдегі қызықты фактілермен бөлісті, тыңдаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Ардагер Академияның құқық қорғау органдарына жас кадрлар даярлаудағы рөлін жоғары бағалады. Оқуға қабылданғандарға табысты және жемісті оқу тіледі.

Іс-шара жас қызметкерлерді ұрпақтар сабақтастығы рухында тәрбиелеуге және кәсіби дәстүрлерді сақтауға бағытталған құқық қорғау жүйесінің ардагерлерімен, белгілі қоғам қайраткерлерімен тыңдаушылардың кездесулерін өткізу бойынша Академияда қалыптасқан дәстүрдің жалғасы болды.

 

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі