Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының Академияға сапары

Құқық қорғау органдары академиясында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағалимен алғашқы кәсіптік даярлық тыңдаушыларының кездесуі өтті.

Ведомство басшысы елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің өзекті бағыттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ерекшеліктері туралы айтып берді.

А. Жұмағали осы саладағы кәсіби дағдыларды дамыту бойынша өз тәжірибесімен және ұсынымдарымен бөлісті, болашақ ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімін және ел игілігі үшін қызмет атқаруға деген ұмтылысын тәрбиелеуге баса назар аударды.

Ол құқық қорғау органының әрбір қызметкерінің жұмысында этикалық принциптердің, жауапкершілік пен тәртіптің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу белсенді талқылаумен және тыңдаушылардың сұрақтарымен аяқталды. Олар құқық қорғау қызметіндегі жұмыстың маңызды аспектілері туралы құнды білім мен түсініктеме алды.

Кездесу соңында А. Жұмағали тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына қызығушылық танытқаны және олардың осы жауапты кәсіптегі болашақ табыстарына деген сенімділігі үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның болашақ қызметкерлерінің, оның ішінде оқу барысында одан әрі ынтымақтастығы мен қолдауына дайын екенін көрсетті.

 

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі