Академияның ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін таныстыру

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында «Активтерді қайтару туралы қылмыстық істер бойынша дәлелдеу» ведомствоаралық ғылыми зерттеу нәтижелерінің тұсаукесері өтті.

Іс-шараға Бас Прокурордың орынбасарлары Ә.Қ. Шындалиев және Ғ.А. Садырбеков, Активтерді қайтару комитетінің төрағасы Н.М. Сүйіндіков, Бас прокуратура мен Құқық қорғау органдары академиясының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Зерттеу Бас прокуратурасының Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің тапсырысы бойынша жүргізілді.

Оның авторлық ұжымымен активтерді шетелден қайтаруымен байланысты халықаралық тергеу тапсырмаларын дайындау мен жіберудің проблемалық мәселелерін зерттеді.

Қорытындысы бойынша Ұрланған активтерді қайтару туралы қылмыстық істер бойынша әдістемелік ұсынымдар (тергеуші мен прокурордың анықтамалығы), Халықаралық актілер тізілімі, ұйымдастырушылық-құқықтық сипаттағы ұсыныстар пакеті және сұрау салу үлгілері дайындалды.

Іс-шара барысында ғалымдар мен практиктердің сындарлы талқылауы мен пікір алмасуы өтті, Академияның атқарған жұмысы туралы оң пікір алынды.

Бас прокуратура мен басқа да құқық қорғау органдарының алаңдарында Академияның ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындыларын таныстыру форматы жалғасатын болады.

 

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі