«Интеллектуалды тимбилдинг»

Бүгін құқық қорғау органдары академиясында алғаш рет Академияның жеке құрамы арасында зияткерлік тимбилдинг өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлердің шығармашылық әлеуеті мен эрудициясын ашу, ұжымды біріктіру.

Бұл іс-шара танымдық процестерді және кәсіби қызметтегі шығармашылық көзқарасты дамыту үшін үлкен маңызға ие.

Тимбилдингте «Форсаж», «Ғалымдар», «Биік мұнара», «Сәулелер», «Білгірлер» құрама командалары арасында зияткерлік сайыстар (раундтар бойынша) ұйымдастырылды.

Зияткерлік сайыс барысында командалар барлық байқауларға белсенді қатысып, үйлесімді іс-қимылдар, шығармашылық көзқарас, эрудиция және логика көрсетті.

Қорытындысы бойынша зияткерлік тимбилдингтің жеңімпазы «Білгірлер»  құрама командасы болды.

Академия басшылығы зияткерлік және танымдық ойындарға белсенді қызығушылық танытқаны үшін қатысушыларды ерекше атап өтті.

Іс-шара қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушылар кубоктармен және грамоталармен марапатталды.

 

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі