Кезекті тренинг шеңберінде облыстық прокуратуралардың өкілдері бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауды және басқа да заманауи дағдыларды үйренді

Бас прокуратура Құқық қорғау органдары академиясымен бірлесіп, ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен прокуратура органдарының қызметкерлері үшін бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл бойынша үш күндік курстар өткізді.

Аталған іс-шараға облыстық прокуратуралардың баспасөз хатшылары, аппарат басшылары, сондай-ақ Бас прокуратураның өкілдері қатысты.

Бас Прокурор Аппараты басшысының орынбасары Б.Б. Жүнісбеков, Академия проректоры М.А. Ешимов, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі өлшем бөлімінің басшысы Д’ Амико Сара құттықтау сөз сөйледі.

Маралбек Ешимов баспасөз хатшылары БАҚ өкілдерімен және жалпы жұртшылықпен кәсіби қарым-қатынас жасау дағдыларын игеру арқылы қадағалау органына деген дұрыс түсінікті қалыптастырып және де сенімін арттыруға ықпал ете алатынын атап өтті.

Спикер ретінде танымал журналистер мен қоғаммен байланыс мәселесі бойынша халықаралық сертификаты бар жетекші ұлттық сарапшылар шақырылды.

Сонымен қатар, аталған іс-шарада адам құқықтарын қорғау тақырыбы, гендерлік теңдік мәселелері, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылық мәселелері және олардың БАҚ-та жариялау ерекшеліктері талқыланды.

Тренингтің соңында барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.

Бұқаралық ақпарат құралдары және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасаудың тиімділігін арттыру мақсатында бұндай шаралар жыл сайын өткізіледі.


Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі