Академия жаппай тәртіпсіздіктер туралы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсынды

Бас прокуратурада Бас прокуратураның Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің тапсырысы бойынша Құқық қорғау органдары академиясы жүргізген ведомствоаралық ғылыми зерттеу нәтижелерінің тұсаукесері өтті. Іс-шараға Бас Прокурордың орынбасары А.К. Чиндалиев, Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің өкілдері қатысты.

Зерттеу, жаппай тәртіпсіздіктердің деңгейі мен тергеу ерекшеліктерін анықтады.

Презентация барысында қатысушыларға қолданыстағы қылмыстық заңнамаға түзетулердің салыстырмалы кестесін және ұйымдастырушылық-құқықтық сипаттағы ұсыныстар пакетін қамтитын «Жаппай тәртіпсіздіктерді тергеу ерекшеліктері» әдістемелік ұсынымдар ұсынылды.

Зерттеу нәтижелері қазірдің өзінде пайдалы болды, әдістемелік ұсынымдар прокуратура мен полицияның болашақ және қазіргі қызметкерлерін оқыту процесіне сәтті енгізілуде.

Іс-шара ғалымдар мен практиктер арасында сындарлы талқылау мен пікір алмасу алаңына айналды. Академия атқарылған жұмыстар туралы оң пікір алды.

Бас прокуратура мен басқа да құқық қорғау органдарының алаңдарында Академияның ғылыми-зерттеу жұмысының қорытындыларын таныстыру форматын жалғастыру жоспарлануда.

Жүргізіліп жатқан зерттеулер және олардың құқық қорғау практикасына әсері туралы қосымша ақпарат алу үшін біздің жаңалықтарымызды қадағалаңыз.

 

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі