Академия Ресей Федерациясы Бас прокуратурасының өкілдерін қабылдады

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясына Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық Бас басқармасының бастығы Михаил Виноградовтың басшылығымен Ресейдің Бас прокуратурасы делегациясының сапары өтті.

Академия ректоры Марат Сексембаев қонақтарды кәсіптік оқыту, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, ғылыми-зерттеу жұмысы бағдарламалары бойынша Академия қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Сапар барысында Академияның профессор-оқытушылар құрамымен және білім алушыларымен кездесулер өтті.

Тараптар прокуратура органдары үшін жоғары білікті кадрларды жүйелі даярлаудың маңыздылығын және қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерге жауап беретін оқыту және қайта даярлау бағдарламаларын іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Михаил Виноградов екі елдің прокуратура органдары мен білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.

Академия мен Ресей Федерациясының Прокуратура Университетінің ТМД-ның прокурорлық-тергеу қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі базалық ұйымдары ретіндегі, табысты өзара іс-қимылына ерекше назар аударылды.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға, бірлескен іс-шаралар өткізуге және тәжірибе алмасуға қызығушылық танытты.

 

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі