Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында БҰҰ ЕҚБ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесшісі Владимир Козинмен кездесу өтті.
Қонақты қарсы ала отырып, Академияның басқарма бастығы Дәулет Рысқұлов халықаралық қауіпсіздікті нығайту мәселелерінде екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, бірлескен ғылыми-білім беру жобаларын ілгерілетуде көрсетіліп жатқан қолдау үшін алғысын білдірді.
Әңгіменің басты тақырыбы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және ұрланған активтерді қайтару саласындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелері болды. Тараптар мемлекетаралық ынтымақтастықты белсенді дамыту, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимылдың тиімді стратегияларын қолдану қажеттігін атап өтті.
Бұл тұрғыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, ақшаны жылыстатудың қылмыстық схемаларын анықтау және заңсыз кірістерді тәркілеу бойынша тиімді шаралар қабылдау үшін негіз ретінде БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ұлттық заңнамаға енгізу шеңберіндегі өзара іс-қимыл мүмкіндіктері ерекше атап өтілді.
Сондай-ақ Қазақстанның құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және қаржылық тергеу саласындағы мамандарды оқыту саласындағы өзара іс-қимылға қатысты пікір алмасты.
БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы Академияның көптен бергі серіктесі болып табылады, оның қолдауымен жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдың өзекті бағыттары бойынша көптеген халықаралық оқыту іс-шаралары ұйымдастырылды.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі