Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында прокуратура органдарына қызмет етуге келген алғашқы кәсіптік даярлық тыңдаушыларының кезекті шығарылымы өтті.
Жас мамандарға арнаған сөзінде Бас Прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев өз қызметін абыроймен атқаруға және адамдардың нақты тағдыры мен өмірі олар қабылдаған шешімдерге байланысты болатынын есте сақтауға шақырды.
Академия ректоры Марат Сексембаев түлектерді оқудың сәтті аяқталуымен құттықтап, оларды прокурорлық мамандықтың лайықты ізбасарлары болуға, қызметтік борышын абыроймен атқару қажеттігін айтты.
Курсты аяқтау туралы сертификаттарды 142 жас прокурор алды. Оқудағы жетістіктері мен жоғарғы оқу орнының қоғамдық өміріне қатысқан түлектерге Бас Прокурордың және Академия ректорының грамоталары табысталды.
2020 жылы басталған алғашқы кәсіптік даярлық институты бүгінде Академия қызметінің стратегиялық бағыттарының біріне айналды.
Алғашқы кәсіптік даярлық бағдарламасын жүзеге асыра отырып, Академия түлектерге мамандыққа сенімді жолдама береді. Бұл кадрларды даярлаудағы сапалы жаңа тұжырымдама. Оның басты ерекшелігі — оқытудың терең практикалық бағыты, оқу пәндерінің мамандандырылған сипаты және бейінді органдарда тағылымдама болып табылады.
Бұл тәсіл өзінің іскерлік және моральдық қасиеттері бойынша құқық қорғау органдарының алдында тұрған міндеттерді сапалы шеше алатын мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.
Академия қабырғасында түлектер кәсіби білімдерін толықтырды және жетілдірді, қадағалау қызметінің маңызды дағдыларын игерді, содан кейін тағылымдама процесінде алған білімдерін бекітті.
Түлектер алған білімдері үшін, қажырлы және адал еңбектері үшін өз оқытушыларына шын жүректен ризашылықтарын білдірді.
Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі