Құқық қорғау органдары академиясында қызметкерлердің балаларына арналған Жаңа жылдық шырша өтті.

Бұл сиқырлы іс-шара балалар үшін мерекелік атмосфера мен жағымды естеліктер қалыптастыруға бағытталған.

Бағдарлама тақырыбы – Шығыс ертегісі әлеміне саяхат. Аяз Ата және Ақшақармен бірге мереке қонақтары Алладин, Жасмин, Джафар және басқа да балалар мультфильмдерінің кейіпкерлері болды.

Қазақстан прокурорлары қауымдастығының және Академия басшылығының қолдауымен балаларға тәтті сыйлықтар табысталды.


Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі