Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық жаттықтырушыларды даярлау жөніндегі жоба аяқталды

11-15 желтоқсанда Ақтауда киберқылмыстарды тергеу саласында ұлттық жаттықтырушыларды даярлау бойынша тренингтің соңғы кезеңі өтті.

Іс-шараны Құқық қорғау органдары академиясы Халықаралық серіктестер-БҰҰ ЕҚБ және ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырды.

Тренингке қатысушылар – прокуратура, ішкі істер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Қаржы мониторингі агенттігі және Сот сараптамасы орталығының қызметкерлері.

Тыңдаушылар IDLO бағдарламасы бойынша нұсқаушыларды оқытудың әдіснамасы мен психологиясын, сабақ циклінің негізгі элементтерін зерттеді, аудиториямен жұмыс істеу ерекшеліктерін игерді.

Жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл саласында мамандар даярлаудың ұлттық бағдарламасын әзірлеуге қатысты. Тренингтің сценарийін құрастырып, презентациялар дайындады. Қорытынды сессияда олар өздерін жаттықтырушы ретінде сынап көрді.

Оқыту сессияларын БҰҰ ЕҚБ сарапшылары, сондай-ақ ұлттық кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының маманы өткізді.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі