Парламент депутаттарымен кездесу

Құқық қорғау органдары академиясында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ғалиасқар Сарыбаевпен және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбекпен Тәуелсіздік күні қарсаңында профессорлық-оқытушылық құрам мен тыңдаушылардың кездесуі өтті.

Отырысты ашқан Академия басшысы Марат Сексембаев қонақтарды оқу орынның ғылыми және білім беру қызметінің басым бағыттары мен нәтижелері, одан әрі даму перспективалары туралы ақпараттандырды.

Депутаттық корпус өкілдері өз сөздерінде Қазақстан үшін егемендік алудың маңыздылығын және еліміздің тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстарын атап өтті. Олар ұлтаралық келісім мен халық бірлігін сақтаудың, ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамды топтастырудың, заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Қонақтардың сөз сөйлеулері жиналғандардың үлкен қызығушылығын тудырды.

Өз кезегінде тыңдаушылар депутаттарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Мысалы, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы қандай жетістіктері ең маңызды екені немесе ел кәсіпорындарын жоғары білікті кадрлармен қалай қамтамасыз ету керектігі туралы.

Іс-шара Академия тыңдаушыларының мәдени-адамгершілік деңгейін арттыруға, оларды отансүйгіштік, ұлттық тарих пен мәдениетті құрметтеу рухында тәрбиелеуге бағытталған белгілі қоғам қайраткерлерімен кездесулер ұйымдастыру дәстүрінің жалғасы болды.

Кездесуге қатысушылардың жалпы пікірі бойынша кәсіби қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға және жалпы мемлекеттің құқықтық институттарын нығайтуға қызмет ететін мазмұнды және сындарлы диалог өтті.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызме