Кәсіби мереке құрметіне

Құқық қорғау органдары академиясында Прокуратура күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Академия ректоры прокуратура органдарының ұжымы мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Марат Сексембаев прокуратураның мемлекеттілікті нығайтудағы жоғары қоғамдық-саяси рөлін, прокурорлардың заңдылықты нығайту, адамның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі атқарып жатқан жұмыстарының әлеуметтік маңыздылығын атап өтті.

Құқық қорғау органдары академиясы прокуратура органдары жүйесінің бөлігі ретінде құқық қорғау органдары үшін жоғары білікті мамандарды даярлау жөніндегі маңызды миссияны орындай отырып, осы міндеттерді іске асыруға өз үлесін қосады.

Құқық қорғау қызметіне қойылатын талаптардың артуы аясында жоғарғы оқу орынның басшысы Ғылыми-білім беру қызметін жетілдірудің, жоғары кәсіби және жеке әлеуеті бар мамандарды тәрбиелеудің, тапсырылған іс үшін өз жауапкершілігін түсінудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Ректор жиналғандарға зор денсаулық, егемен Қазақстанның одан әрі өркендеуі үшін жасампаз еңбекте табыс тіледі.

Мереке құрметіне мінсіз қызметі және өз міндеттерін үлгілі орындағаны үшін бірқатар қызметкерлер ведомстволық наградалармен марапатталды.




Салтанатты іс-шара Академия қызметкерлері мен тыңдаушыларының күшімен дайындалған мерекелік 
концертпен аяқталды.

Құқық қорғау органдары Академиясының
баспасөз қызметі