Академия тыңдаушылары АҚШ-та тағылымдамадан өтті

Ағымдағы жылы Академия тыңдаушылары арнайы жоғары оқу орындарының білім алушылары мен 7 елден жас қызметкерлерді жинаған АҚШ институтының (SUSI) заң үстемдігі және көшбасшылық дағдыларды дамыту жөніндегі Джон Маккейннің Оқыту бағдарламасына қатысты. Ұйымдастырушы АҚШ Мемлекеттік департаментінің Білім және мәдениет бюросы болды. Қазақстан бұл бағдарламаға алғаш рет қатысты.

Еліміздің атынан Құқық қорғау органдары академиясының алғашқы кәсіптік оқытудың тыңдаушылары Луиза Байжанова мен Нұрдәулет Асанбай қатысты. Олар барлық іс-шараларға, соның ішінде Пентагон, АҚШ Жоғарғы Соты, Сенат, Капитолий сияқты құқық қорғау және заң шығарушы органдардың өкілдерімен панельдік пікірталастар мен шеберлік сабақтарына белсенді қатысты.

Washoe округінің Бас прокурорымен, Невада штатының Жоғарғы судьясымен және Сенаторымен, сондай-ақ АҚШ полиция, мэрия, ұлттық гвардия және басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесулер барысында тәжірибе алмасып, заң саласындағы өзекті мәселелерді талқылады.

Бағдарлама қорытындысы бойынша тыңдаушыларға тиісті сертификаттар табысталды.

Тағылымдамадан сәтті өткендеріңізбен құттықтаймыз!

Тыңдаушыларымыздың халықаралық аренада одан әрі табыстарына үміттенеміз.

Құқық қорғау органдары Академиясының
баспасөз қызметі