Академия жұмысының қорытындысы Ғылыми кеңестің отырысында шығарылды

Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысында 2023 жылдың өткен кезеңінде Құқық қорғау органдары академиясының құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс қорытындылары туралы есептер  қаралды.

Оның жұмысына Бас Прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев, Академия ректоры Марат Сексембаев, сондай-ақ жоғары оқу орнының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен профессорлық-оқытушылық құрам қатысты.

Отырыста ғылыми білім беру және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері талқыланып, бейінді институттар басшыларының есептері тыңдалды.

Биыл Академия Ғылым және жоғары білім министрлігінің мемлекеттік аттестациясынан сәтті өтті. Қызметкерлерді, оның ішінде Президенттік резервте тұрған құқық қорғау органдары басшыларын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру курстары өткізілді.

Халықаралық ынтымақтастық желісі бойынша 40-қа жуық оқыту іс-шаралары ұйымдастырылды, оның екеуі прокурорлық-тергеу қызметкерлері,  сондай-ақ салықтық (қаржылық) тергеу органдары үшін кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің базалық ұйымы мәртебесі шеңберінде.

Кеңес қорытындысы бойынша Әсет Шындалиев Академия ұжымының алдына кәсіби және жоғары оқу орнынан кейінгі оқытудың, ғылыми-зерттеу жұмысының және халықаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша алдағы 2024 жылға міндеттер қойды. Бүкіл ұжымға жаңа шығармашылық табыс, зор денсаулық және амандық тіледі.


Құқық қорғау органдары Академиясының
баспасөз қызметі