Прокуратура қызметкерлері арасында әйелдер волейболынан чемпионат аяқталды

Прокуратура күніне арналған прокуратура қызметкерлері арасында әйелдер волейболынан чемпионат аяқталды.

Финалда Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің, Шығыс Қазақстан, Атырау, Алматы және Қостанай облыстары прокуратураларының құрама командалары кездесті.

Өткен матчтардың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы жеңімпаз атанды, Алматы облысының командасында екінші орын, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің командасы үшінші орынды иеленді.

Чемпионаттың салтанатты жабылуында Кубокты жеңімпаз командаға Бас Прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев табыс етті.

Жарысқа қатысушылар мен жанкүйерлерді құттықтай отырып, ол өткен турнирдің прокуратура қызметкерлері арасында спорт пен дене белсенділігін дамыту мен дәріптеудегі маңызды рөлін атап өтті. Жарыстың басты маңыздылығы – олар ұжымшылдық рухын сақтауға көмектеседі, прокурорлық қоғамдастықтың ұйымшылдығы мен бірлігінің маңызды факторы болып табылады.

Сондай-ақ, жеке жетістіктері үшін арнайы марапаттар табысталды. Номинациялар бойынша жеңімпаздар: үздік қорғаушы – Томирис Исмагулова, үздік либеро – Оксана Төлемісова,үздік шабуылшы – Нұрия Ахтанова. Чемпионаттың үздік ойыншысы Меруерт Есенғали деп танылды.

Құқық қорғау органдары Академиясының
баспасөз қызметі