Бүгін Құқық қорғау академиясы магистранттар мен докторанттарға арналған ғылыми семинар өткізді. Тақырыбы – «Қазақстан Республикасының азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі қылмыстық саясат». Іс-шара студенттерге қылмыстық саясаттың негізгі тенденцияларын талдау саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажетті құзыреттіліктер мен дағдыларды қалыптастыру, сондай-ақ оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар ғылыми пікірталас түрінде өтті, оның барысында Қазақстанның қылмыстық және қылмыстық процестік заңнамасын дамытудың негізгі бағыттары мен перспективалары талқыланды. Сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлеріне қарсы іс-қимыл, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстарды тергеуді қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Қатысушылар диссертациялық зерттеулерде одан әрі пайдалану үшін құнды кеңестер алды. Жас зерттеушілердің құзыреттіліктерін дамыту үшін осындай ғылыми кездесулердің маңыздылығы мен қажеттілігі баса айтылды.
Қылмыстық құқық және процесс саласындағы білім мен практикалық дағдылардың академиялық алмасуы Қазақстан Республикасында құқықтық білім беру мен жүргізіліп жатқан зерттеулердің сапасын арттыруға ықпал етеді.
Құқық қорғау академиясының баспасөз қызметі