«Жоғары қонақ» жобасы аясында Академияның профессор-оқытушылар құрамы мен тыңдаушылары ҚР Конституциялық сотының судьясы, заң ғылымдарының докторы, профессор Роман Подопригормен кездесті.
Кездесудің басты тақырыбы Қазақстан Республикасында әкімшілік әділеттілікті жетілдірудің, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (ӘРПК) нормаларын қолданудың перспективалық бағыттары болды.
Роман Анатольевич Подопригора — белгілі қазақстандық ғалым, әкімшілік құқық саласындағы беделді маман. АҚШ, Ұлыбритания, ГФР-да ғылыми тағылымдамадан өткен.
Ғалымның әкімшілік әділетті дамытудың өзекті мәселелеріне арналған 150-ден астам ғылыми жарияланымдары бар. Профессор Подопригордың ғылыми-аналитикалық еңбектері елден тыс жерлерде белгілі. Олар Австрияда, Ұлыбританияда, Ресейде, АҚШ-та, Жапонияда, Өзбекстанда, Украинада, Швецияда шығарылған.
Құқық қорғау органдары Академиясының
баспасөз қызметі