Қазақстан Республикасының Заң үстемдігін қамтамасыз ету бойынша есебі

Қоғамдық өмірдің барлық салаларында заңдылықты қамтамасыз ету-құқықтық мемлекеттің басты қағидаты.

Заңның үстемдігі ережелеріне негізделген мемлекет жеке адамның және қоғамның құқықтары мен бостандықтарының құқықтық қорғалуын көздейтін мақсаттар мен міндеттер қояды, сондай-ақ мынадай қағидаттарға негізделеді:

– құқықтың басымдығы;

– адам және азаматтың құқықтық қорғалуы;

– биліктің бөлінуі;

– заңның үстемдігі;

– азаматтық қоғамның болуы;

– соттардың тәуелсіздігі.

Құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету халықаралық қоғамдастықтың жаһандық мақсаты болып табылады, осыған байланысты көптеген мемлекеттер биліктің қайнар көзі ретінде халықтың еркіне бағынатын құқықтық мемлекет моделін құруда демократиялық және құқықтық негіздерді дамытады.

ЕСЕП