Орталық Азияның құқық қорғау органдарындағы әйелдердің рөлі туралы конференция

2023 жылғы 14-15 қыркүйекте Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлері ЕҚЫҰ қамқорлығымен өткізілетін Орталық Азия елдеріндегі әйелдердің құқық қорғау қызметіне қатысуын кеңейту мәселелері жөніндегі өңірлік конференция жұмысына қатысты.

Конференцияны ЕҚЫҰ Хатшылығының гендерлік мәселелер жөніндегі бөлімі, «Әйелдер мен ерлерге арналған WIN: гендерлік теңдік мүддесінде инновациялар мен желілік өзара іс-қимыл арқылы кешенді қауіпсіздікті нығайту» жобасы, ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесі, ЕҚЫҰ хатшылығының Трансұлттық қатерлерге қарсы іс-қимыл департаментінің Полиция қызметінің стратегиялық мәселелері бөлімі, ЕҚЫҰ қақтығыстардың алдын алу орталығы, «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» жобасы ұйымдастырды.

Конференцияның мақсаты Орталық Азия елдерінің құқық қорғау органдарында әйелдердің өкілдігін кеңейту бойынша озық тәжірибе алмасу үшін өңірлік платформаны қамтамасыз ету болып табылады.

Қатысушылар ОА елдеріндегі және ЕҚЫҰ өңірінің басқа бөліктеріндегі қызметкерлер әйелдерінің қауымдастықтары, желілері мен одақтары арасындағы өзара іс-қимыл және тәжірибе алмасу мүмкіндігі туралы айтты. Құқық қорғау органдарының әйел қызметкерлері қауымдастығының табысының негізгі критерийлерін талқылады.

Орталық Азия елдерінің құқық қорғау органдарында әйелдер желісінің қызметін жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу бастамасы қолдау тапты.


Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі