2023 жылғы 17-18 тамызда Алматыда Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерінің халықаралық саудасы туралы конвенцияны (СИТЕС) қолдану мәселелеріне арналған құқық қорғау органдары мен шекара қызметінің білім беру ұйымдарының профессор-оқытушылар құрамына арналған тренинг өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар — Құқық қорғау органдары академиясы, Қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығы (АСБК), Халықаралық Фауна және Флора Интернейшнл ұйымымен (FFI) серіктестікте, АҚШ-тың Есірткіге қарсы күрес және құқық қорғау қызметі жөніндегі халықаралық бюросының (INL) қаржылық қолдауымен Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің басқармасы.
Тренинг барысында СИТЕС және ұлттық заңнаманың ұсынымдары негізінде сарапшылар тобы әзірлеген біліктілікті арттыру курсы таныстырылды.
Ұсынылған бағдарлама шеңберінде Конвенцияның ережелерімен, жұмыс тетіктері мен қағидаттарымен танысу, сондай-ақ Конвенция талаптарын орындау үшін қабылданған Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін зерделеу өтті.
Жойылып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктер дүниесі объектілерінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен мәселелері талқыланды.
Сауда ерекшеліктері, СИТЕС-ке жататын үлгілерді әкелуге және әкетуге рұқсаттар қарастырылды.
Сабақтарды Академия, АСБК, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Зоология институтының, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мамандары өткізді.
Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі