Цифрлық криминалистиканың өзекті мәселелері бойынша

Прокуратура және ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен Құқық қорғау органдары академиясы ұйымдастырған «Цифрлық криминалистикалық тергеулерге кіріспе» оқу курсы аяқталды.

Тренинг цифрлық криминалистика мамандарының біліктілігін арттыруға және мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған. Бір апталық оқыту курсы қатысушыларға маңызды кәсіби білім берді және қылмыстық іске қатысты цифрлық медиадағы дәлелдемелерді анықтау процесі туралы түсінік берді.

Тыңдаушылар киберқылмыстарды тергеудің, бағдарламалық жүйелерді пайдаланудың және цифрлық дәлелдемелерді жинаудың жаңа әдістерін игерді, озық халықаралық тәжірибемен танысты.

Файлдық жүйелермен және цифрлық дәлелдемелер көздерімен жұмыс істеу, Windows амалдық жүйесіне тән цифрлық дәлелдемелер артефактілеріне талдау жүргізу дағдыларын алды.

Тергеу нәтижелерін қатты диск пен жедел жадты зерттеу негізінде негіздеу, террористердің киберқауіпсіздікті пайдаланудың жаңа тенденцияларын анықтау мүмкіндігі қолданылды.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің жоғары технологиялар саласындағы сарапшылары өз тәжірибелерімен және білімдерімен бөлісті. Мамандар ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және интернет-кеңістіктегі қылмысқа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерін атап өтті.

 

Құқық қорғау органдары академиясының 
баспасөз қызметі