Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің көмегімен Құқық қорғау органдары академиясында құқық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметші әйелдерге арналған көшбасшылық бойынша үш күндік тренинг өтті.
Гендерлік теңдік, әйелдерді көшбасшылық позицияға ілгерілету, құқық қорғау саласындағы әйел-көшбасшының рөлі, әйелдер көшбасшылығын дамытуды ынталандыратын халықаралық нормаларды имплементациялау мәселелері қаралды. Әйелдер көшбасшыларының сәтті мысалдары талқыланды.
Тренингті аша отырып, Академия Аппаратының басшысы Магомед Акаев бұл бағытта Қазақстан іргелі халықаралық актілерді ратификациялағанын, тиісті ұлттық құқықтық база құрылғанын атап өтті. Мемлекеттік сектордағы шешім қабылдау үдерістеріне тартылған әйелдердің үлесін арттыру елдің отбасылық және гендерлік саясаты тұжырымдамасының мақсаттарының бірімен белгіленеді.
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Кеңсесі Басшысының орынбасары Юрий Фенопетов өз сөзінде халықаралық бағдарламалық құжаттарда әйелдерді жанжалдардың алдын алу және реттеу, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмысқа белсенді тарту ұсынылатынын атап өтті.
Соңында қатысушылардың кәсіби және жеке сұраныстарымен жұмыс істеуге, қиын жағдайларды жеңуге және көшбасшылықтың оңтайлы шешімдерін табуға бағытталған психологиялық ойын өткізілді.
Оқытудан Қазақстанның күш құрылымдарының орталық аппараттары мен оқу орындарының өкілдері өтті, олар өз ведомстволарындағы әйелдердің көшбасшылық мәселелерін, соның ішінде оларды бағдарламаларға енгізетін болады.