Академия заңсыз шығарылған активтерді қайтару саласында ұлттық жаттықтырушыларды даярлауға кірісті

Астанада ақшаны жылыстатуға және активтерді қайтаруға қарсы іс-қимыл саласында ұлттық жаттықтырушыларды даярлау бойынша алғашқы тренинг өз жұмысын бастады.

Іс-шараны Еуропа Кеңесінің қолдауымен Құқық қорғау органдары академиясы ұйымдастырды.

Сарапшылар қаржылық тергеу, шетелге шығарылған қылмыстық капиталды қадағалау және қайтару, қаржылық қылмысқа қарсы күресте тиімді ведомствоаралық өзара іс-қимылдың еуропалық тәжірибесімен бөліседі.

Тыңдаушылар қаржылық барлау бөлімшелерінің мүмкіндіктерін зерделейді, заңсыз кірістерді жылыстату, ұрланған мүлікті тыйым салу және тәркілеу схемаларын анықтау бойынша халықаралық құқықтық құралдармен танысады. Сондай-ақ өзара құқықтық көмек пен ақпарат алмасу аясындағы табысты халықаралық ынтымақтастықтың мысалдары талқыланады.

Оқу іс-шарасы қаржы қылмыстарына қарсы саласындағы мамандарды даярлаудың бірінші кезеңі болып табылады. Жоба аяқталғаннан кейін оқу-әдістемелік ұсынымдар әзірлейтін және осы салада мамандар даярлайтын ұлттық жаттықтырушылар тобы құрылады.