Адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша аймақтық симуляциялық тренинг

Құқық қорғау органдары академиясында адам саудасына қарсы күрес мәселелеріне арналған Орталық Азия елдерінің құқық қорғау органдары қызметкерлеріне арналған алғашқы өңірлік симуляциялық жаттығу өтті.

Жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік хаб ретінде әрекет ете отырып, Академия, ең алдымен, құқық қорғау қызметі мәселелері бойынша мемлекетаралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған оқыту іс-шараларын өткізеді.

Бұл оқытудың басты мақсаты — адам саудасынан зардап шеккендерді уақтылы анықтау және оларға көмек көрсету.

Тренинг арнайы оқу полигонында өтті, бұл адам саудасы фактілері туралы сигналдарға жауап берудің практикалық дағдыларын шындыққа жақын жағдайларда пысықтауға мүмкіндік берді.

Адам саудасының нақты жағдайларын модельдей отырып, қатысушылар қылмыс құрбандарын, оның ішінде кәмелетке толмағандарды, мигранттар мен босқындарды анықтау, зардап шеккендерге көмек көрсету, адамдардың заңсыз трафигіне қатысы бар адамдарды анықтау дағдыларын игерді.

Өңірлік ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Адам саудасына қарсы іс-қимыл шараларын күшейту үшін уәкілетті органдардың тығыз өзара іс-қимылы мен жүйелі жұмысы, мемлекет пен азаматтық қоғамдастықты шоғырландыру қажет екендігі атап өтілді.

Тренингке қатысушылар оқытудың инновациялық форматының тиімділігін атап өтті, бұл оларға нақты жағдайға барынша жақын жағдайда оқуға, жағдайға бағдарлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

Оқу іс-шарасы ЕҚЫҰ Хатшылығының, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің және БҰҰ-ның босқындар комисс жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының қолдауымен өтті.

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі