Халықаралық көші-қон ұйымы өкілдігінің басшысымен кездесу

Құқық қорғау органдары академиясында ЖОО ректоры Халықаралық көші-қон ұйымының (ХКҰ) Қазақстан Республикасындағы Өкілдігінің басшысы Зейнал Гаджиевпен кездесті.

Әңгіменің басты тақырыбы АҚШ Елшілігінің қолдауымен жүзеге асырылатын «Қазақстан Республикасында адам саудасын анықтау, тергеу және жолын кесу» бірлескен екі жылдық жобасын іске асыру перспективалары болды.

Жоба шеңберіндегі өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары тәжірибе алмасу, озық халықаралық практикамен танысу, ұлттық сарапшыларды даярлау және құқық қорғау органдарының жұмыс істеп тұрған қызметкерлерінің біліктілігін арттыру болып табылады.

ЖОО басшысы бірлесіп жұмыс істегені үшін ризашылығын білдіріп, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес құрылымдардың адам саудасы фактілерінің алдын алу және қылмыс құрбандарына көмек көрсету жөніндегі өзара іс-қимылын қамтамасыз ету мәселелерінде халықаралық ұйымның үлкен рөлін атап өтті.

Халықаралық ұйымның өкілі жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, бірлескен жобаны сәтті жүзеге асыруға үмітті екенін білдірді.