Академия тыңдаушылары арасындағы пікірсайыс турнирі

Көпшілік алдында сөйлеу кезінде пікірталасты мемлекеттік биліктің беделіне нұқсан келтірмей, дұрыс түрде жүргізу құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қойылатын негізгі талаптардың қатарына жатады.

Ол үшін Академияның оқу процесінде шешендік өнерге ерекше назар аударылады, сабақта тыңдаушылар келіссөздер, шешендік және аудитория алдында сөйлеу дағдыларын меңгереді.

Тиісті жеке және іскерлік қасиеттерді дамытудың бір түрі-пікірталас.

Осыған байланысты, 2023 жылдың 2 мамырында Академияда ЖОО білім алушылары арасында «Сөз шебері» дебаттық турнирі өткізілді.

Академияның профессор-оқытушылар құрамы арасынан құралған тәжірибелі қазылар алқасы қатысушылардың сөз сөйлеу сапасы мен шешендік шеберлігін бағалады.

Іс-шара қорытындысы бойынша жоғары дайындық көрсеткен қатысушылар Академия ректорының мадақтамаларымен марапатталды.