Сыбайлас жемқорлықты әшкерелеудегі көмек

​Академияның басты міндеттерінің бірі құқық қолдану қызметінде алған білімдері мен дағдыларын шебер іске асыра алатын сұранысқа ие мамандарды бастапқы кәсіби даярлау болып табылады.

​Тыңдаушылардың алған білімдерін тәжірибеде тиімді сынақтан өткізуі біздің тыңдаушы-тағылымдамашылар туралы басшылардың мақтау пікірлерімен куәландырылады.

​Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте тағылымдамадан өту шеңберінде тағылымдамадан өтушілер Б. Н.Өмірбеков пен К. К. Данияр келіп түскен жедел ақпарат бойынша аудандағы мемлекеттік мекеменің басшысы кәсіпкерден орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін пара алғаны әшкереленді.

​Сотқа дейінгі тергеп-тексеру оңайлатылған іс жүргізу тәртібінде аяқталды және қылмыстық іс сотқа жолданды.

Академияның аталған тыңдаушыларына қойылған міндеттерді адал орындағаны үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның төрағасы Асхат Жұмағали Алғыс жариялады.

 

Құқық қорғау органдары академиясының 
баспасөз қызметі