Танымал коллекционермен кездесу  

Құқық қорғау органдары академиясында жоғары оқу орнының қызметкерлері мен білім алушыларының белгілі қазақстандық коллекционер, «Жастар» Республикалық коллекционерлер клубының мүшесі Қайырбек Рамазановпен кездесуі өтті.

Іс-шара жалпы мәдени, тарихи және ұлттық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Кездесу әңгіме түрінде өтті. Қайырбек Рамазанов өз коллекциясының 30 мыңнан астам жәдігері бар бөлігін айтып берді.

Коллекционер бірегей және сирек кездесетін үлгілерді көрсетті, соның ішінде құқық қорғау органдарының қызметіне қатысты, қызықты тарихи фактілерді атап өтті, бұл тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды.

 

Құқық қорғау органдары академиясының 
баспасөз қызметі