Балаларды қорғау күніне арналған қызметкерлер балалары арасындағы сурет байқауы

Балаларды қорғау күні мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні қарсаңында Құқық қорғау органдары академиясында «Менің Елімнің рәміздері-менің мақтанышым!» сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқауға Академия қызметкерлерінің балалары мен немерелері қатысты.

Іс-шара отансүйгіштікке тәрбиелеуге және Отанға деген сүйіспеншілікті оятуға бағытталған.

Қатысушылар отбасы, күн, бәйтерек, киіз үй аясында мемлекеттік рәміздерді суреттеп, сол арқылы көшпелі өткенніміздің рухына бөленген ұлттық мәдениетті, дәстүрлер мен тұрмысты бейнеледі.

Байқау қорытындысы бойынша 8 жасар Мариям Айбарқызы 1 орын иемденді

2-орынға 15 жасар Меруерт Жанатқызы ие болды

Ал 3-орын Наргиз Бауыржанқызына бұйырды.

Жеңімпаздар мадақтамалармен, ал белсенді қатысушылар дипломдармен марапатталды.