Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында Академия қызметкерлері «АЛЖИР» Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мұражай-мемориалдық кешеніне барды.

Іс-шараның мақсаты: Ақмола лагерінің тұтқындарын еске алу.

«АЛЖИР» 1938 – 1953 жылдар аралығында 15 жыл бойы Ақмол ауылында (бұрынғы Малиновка) орналасты. Лагерьде 18 мыңнан астам әйел ұсталды, олардың бар кінәсі тұтқындалған және атылған «халық жауларының» жұбайы болғанында еді.

Біз бұл адамдарды есте сақтап, осындай қорқынышты оқиғалардың қайталанбауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек.

 

Құқық қорғау органдары академиясының 
баспасөз қызметі