Хабарландыру

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «6D030300 – Құқық қорғау қызметі» докторантурасының білім беру бағдарламасы бойынша Рахметоллов Асқар Канатұлының «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі құқық қорғау органдарының қызметі: проблемалар мен перспективалар» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алуға диссертация қорғалады.

Диссертация Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Жалпы заң пәндері кафедрасында орындалды.

Қорғау тілі: орыс.

Ғылыми кеңесшілер:

– Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының қоғамдық мүдделерді қорғау саласындағы проблемаларды зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының докторы, доцент Бекішева С.Ж.;

– Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің корпоративтік хатшысы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Қыздарбекова А.С.

Рецензенттер:

– «М.С. Нарикбаев атындағы КазГЮУ Университеті» АҚ жеке құқық департаментінің профессоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Идрышева С.К.;

– Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Весельская Н.Р.

Қорғау 2023 жылғы 29 маусымда сағат 12:00-де Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі, 94 құрылыс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының диссертациялық кеңесінде өтеді.

Қосылу сілтемесі: Zoom платформасы – https://us05web.zoom.us/j/87874645010?pwd=RGxqQmF0a1pBUXJyUTJJcHJBWTREZz09 идентификатор: 878 7464 5010, кіру коды: BGJ34m.

Сайт мекен-жайы: http://academy-gp.kz/.
Құжаттар