Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ІІМ (полиция) білім беру ұйымдары қауымдастығы мүшелерінің ішкі істер органдарының басшы құрамын даярлау бойынша 14-отырысы

Академия ректоры ішкі істер органдарының басшы құрамын даярлау бойынша ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ІІМ (полиция) білім беру ұйымдары қауымдастығының 14-ші отырысына қатысты.
Отырыс Тәжікстан Республикасы ІІМ академиясының базасында өтті.


Бұл қауымдастық-құқық қорғау органдарының жоғары білікті қызметкерлерінің тәжірибе алмасуын қамтамасыз ететін ТМД кеңістігіндегі беделді қауымдастықтардың бірі.
Құқық қорғау органдары академиясы қауымдастыққа бақылаушы ретінде мүшелік туралы ұсыныс енгізді.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерін даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөніндегі тиісті базаның болуын ескере отырып, қауымдастық мүшелері Академияның бастамасын қолдады.