Президенттік резерв бағдарламасы бойынша кезекті дайындық курстары басталды

Бүгін Академияда Президенттік резервтегі қызметкерлерді кәсіби қайта даярлаудың кезекті курстары басталды.

Оқытуға прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және қаржы мониорингі агенттігі қызметкерлерінен құралған тыңдаушылар тобы кірісті.

Іс-шараны аша отырып, Академия ректоры Марат Сексембаев Президенттік резерв институтының құқық қорғау органдарының кәсіби өзегін нығайту, жаңа формация басшыларын даярлау жөніндегі міндеттерді іске асырудағы маңызды рөлін атап өтті.

Академия осы бағыттағы жұмыста айтарлықтай тәжірибе жинақтап, болашақ менеджерлердің кәсіби деңгейді арттырудың нақты жүйесін құрды.

Оқыту болашақ басшылардың заманауи басқару технологияларын игеруіне, көшбасшылық және коммуникативтік қасиеттерін, дағдарыстық жағдайларды шешу, заманауи ақпараттық технологиялар және т. б. дағдыларды дамыту бойынша жұмыс істеуге бағытталған.

Сабақтар заманауи әдістерді қолдана отырып өткізіледі, оқытудың интерактивті формалары мен әдістерінің басым бөлігі практикалық жағдайларды шешуге арналған тренингтер мен іскерлік ойындар түрінде өтеді. Ақпараттық-аналитикалық платформалармен танысу үшін көшпелі сабақтар ұйымдастырылады.

Тренингтер мен мастер-класстарды мемлекеттік құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, сондай-ақ бейінді басқармалар бойынша алдыңғы қатарлы шетелдердің сарапшылары және жаттықтырушылары (soft skills) жүргізеді.

Қазіргі таңда оқу орнының қабырғасында 140-тан астам қызметкер білім алған, көпшілігі облыстық және республикалық деңгейдегі басшылық лауазымдарда. Олар алған білімдерін күнделікті тәжірибеде сәтті қолданады, өз жұмысын ұйымдастыруда прогрессивті тәсілдерді белсенді енгізуде.

Курс 16 маусымда аяқталады.