Асқар Асанханұлы Секишев

Соңғы лауазымы: ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының профессоры

Туған күні: 17.04.1960

Туған жері: ҚазССР; Қарағанды облысы; Саран қаласы

Отбасылық жағдайы, туыстық байланыстары:

  • Үйленген
  • Балалары: ұлы бар

Тілдерді меңгеруі:

  • Қазақ, орыс, неміс

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары:

  • Қарағанды мемлекеттік университеті

«Заңгер» біліктілігі

  • АҚШ Әділет департаментінің, Азия және Қиыр Шығыс елдері БҰҰ институтының, Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық агенттігінің сертификаттары

Еңбек өтілі:

  • Ағаш ұстасы (1977);
  • Аға тергеуші, Саран қаласы прокурорының орынбасары (1983-1993);
  • Саран қалалық сотының төрағасы (1993-1996);
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы бөлімінің, басқармасының аға прокуроры (1996-1997);
  • Алматы қаласы прокуратурасы басқармасы бастығының орынбасары (1997);
  • Алматы облысы прокуратурасының бөлім бастығы (1997);
  • Соттар жұмысын ұйымдастыру басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы  Әділет министрлігінің соттар қызметін ұйымдастыру, Сот сараптамасы және атқарушылық іс жүргізу департаментінің директоры (1997-1998);
  • Шығыс Қазақстан облысы Әділет басқармасының бастығы (1998-1999);
  • Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы (11.1999-12.2004);
  • Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Судьясы (12.2004-06.05.2009);
  • Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары (06.05.2009-09.2012);
  • Қазақстан Республикасы Қарағанды облысының прокуроры (09.2012-12.2016);
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Жалпы заң пәндері кафедрасының профессоры (2017 жылдан бастап)

Басқа лауазымдар:

  • Судьялардың республикалық тәртіптік-біліктілік алқасының төрағасы

Мемлекеттік және халықаралық наградалары, құрметті атақтары:

  • «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы» медальдары;
  • «Үш би» Судьялар Одағының Құрмет белгісі

Әскери қызметі, әскери және арнаулы атақтары, сыныптық шендері:

  • 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі