Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырған дөңгелек үстелдің басты тақырыбына айналды.
Кездесуге қатысушылар-Академияның авторлық ұжымдары, Бас прокуратура, облыстық прокуратура, сот, «Атамекен» ҰКП, бизнес-қоғамдастық өкілдері, сондай-ақ Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Өзбекстан сарапшылары.
Форум аясында бизнесті заңсыз араласудан қорғаудың шетелдік тәжірибесі мен үздік әлемдік тәжірибелері зерделенді, заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді.
Ғылыми-практикалық пікірталастар Әкімшілік заңнамадағы дискрециялық өкілеттіктер, кәсіпкерлік саласындағы реттеуші саясат, бизнес субъектілерін құқықтық қорғау және басқа да мәселелер төңірегінде өтті.
Талқылау қорытындысы бойынша бизнесті дамытудың өзекті мәселелерін шешуге, кәсіпкерлік қызмет үшін қолайлы жағдайлар жасауға, ғылыми қызмет шеңберінде одан әрі ынтымақтастыққа бағытталған ұсыныстар тұжырымдалды.