Ашық үкімет және жаңа басқару мәдениеті: есту, түсіну, әрекет ету

Академия проректоры Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институтының директоры Гүлнар Шушикова Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұйымдастырған «Ашық үкімет және жаңа басқару мәдениеті: есту, түсіну, әрекет ету» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Іс-шараға Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов, Астана Мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың Басқарушы комитет төрағасы Әлихан Бәйменов, Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі ФрибергСтори Микаэла, экономика профессорыНобель сыйлығының бейбітшілік саласы бойынша лауреаты Рае Квонг Чунг, сондай-ақ Болгария, Ұлыбритания, Польша,АҚШ, Тәжікстан, Оңтүстік Корея сарапшылары, отандық ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.

Конференция барысында жетекші отандық және шетелдік ғалымдар, сарапшылар мен мемлекеттік органдардың өкілдері арнайы сессиялар шеңберінде «Ашық үкімет» енгізудің халықаралық тәжірибелері мен отандық тәжірибесін, мемлекеттік басқаруды цифрландырудың негізгі аспектілерін талдау, сервистік мемлекеттік аппаратты қалыптастыру, басқарудың жаңа мәдениетін талқылады.

Жоғары өкілдік және сараптамалық құрам қызықты пікірталастар мен жанды пікір алмасуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ практикалық ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік берді.