Ризашылық пен құрмет белгісі ретінде

Жеңіс күні бұл майданда елді қорғаған және тылда жеңіске жеткен кез келген адамға құрмет көрсететін уақыт.

Құқық қорғау органдары академиясында жыл сайын ұлы мереке қарсаңында тыл еңбеккерлері мен соғыс балаларына арналған қайырымдылық акциясын өткізу дәстүрге айналды.

Биылғы жылы Академия магистранттары Қосшы қаласының ардагерлеріне қонаққаболды. Алғыс хаттар мен азық-түлік себеттері табысталды.

Ардагерлер әскери және соғыстан кейінгі жылдарды еске алып, назар аударғандарына алғыстарын білдірді.

Бұл іс-шара соғыс және тыл батырларына құрмет пен ризашылық білдіру. Қарт адамдарға шын жүректен көмек пен қолдау білдіру. Олардың әрқайсысына әрдайым қамқорболып, жас ұрпақтың шынайы ризашылығын сезіндіру қажет. Бұл тарихи жады мен ұрпақтар сабақтастығын сақтау үшін маңызды.

Жеңіс үшін барлық ардагерлерге тағзым!