Жеңіс күніне арналған салтанат

Академияда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Университеттің бірінші проректоры Калиолла Сейтенов ұжымды ұлы мерекемен құттықтады: «Барлық ұрпақ үшін 9 мамыр — халқымыздың батылдығы мен батырлығының, Отанға деген шексіз сүйіспеншілігінің символы болып қала беретін ерекше және жарқын мереке.
Әр үйде, әр отбасында біздің жүрегімізде мәңгілікке сақталатын аталар мен әкелердің батырлығы туралы естелік сақтаулы. Біз бүгін өмір сүріп жатқан біздің атымыздан өз өмірін қиған батыл, батыр, Отанына берілген ұлдардың ержүректілігін мақтан тұтамыз.
Қазіргі және болашақ ұрпақ аталарымыздың қандай қиыншылықтар мен қайғы-қасіреттерден өткенін, жеңістің қандай бағамен келгенін ешқашан ұмытпауы керек».
Отан қорғаушылар күні еліміздің барлық ұрпақтарын біріктіреді. Бүгінде Қазақстанның Қарулы күштері мемлекеттің сенімді тірегі болып табылады, елдің тәуелсіздігі мен ұлттық мүдделерін, қазақстандықтардың бейбітшілігі мен тыныштығын қорғайды.
Халық жадында Отанымыздың Даңқ шежіресіне мәңгі жазылған ержүрек батырлардың аты аңызға айналған есімдері ешқашан ұмытылмайды.
Солардың бірі — Тайтөбе ауылының тумасы Рахымжан Қошқарбаев. Қазақ халқының ержүрек ұлы 1945 жылы 30 сәуірде Рейхстагтың үстінде Қызыл ту көтерген алғашқы кеңес сарбазы ретінде тарихта қалды.
Бұл күні қалыптасқан дәстүр бойынша Академия аумағындағы Даңқ мемориалында батырды еске алуға арналған гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.
Университеттің бірінші проректоры әріптестерін Академияның туған күнімен құттықтап, атқарылған жұмыстың басты нәтижелерін атап өтті.
Мереке соңында Академия қызметкерлері мен тыңдаушыларының күшімен дайындалған концерт өтті.