Пресс-релиз

Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлері Бас прокуратура, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және Еуропа Кеңесі бірлесіп Алматы қаласында  ұйымдастырған «Азаптау мен қатыгездіктің алдын алу: халықаралық және еуропалық стандарттар және озық тәжірибе» тақырыбында өткен халықаралық конференцияға қатысты.

Іс-шараның ашылуында Бас Прокурор, Жоғарғы Сот Төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен), Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Елшісі және Еуропа Кеңесінің ынтымақтастық бағдарламаларын үйлестіру жөніндегі директоры құттықтау сөз сөйледі.

Конференция жұмысына Орталық Азия елдерінің делегациялары (Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан), халықаралық сарапшылар (Әзірбайжан, Грузия, Молдова, Польша, Австрия және т.б.), сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің, адвокаттық қоғамдастықтың және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері қатысып, азапауға қарсы іс-қимыл бойынша өзекті мәселелерді көтерді және қабылданып жатқан шаралар туралы оң тәжірибелерімен бөлісті.

Жоғары өкілдік және сараптамалық құрам қызықты пікірталастар мен жанды пікір алмасуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ практикалық ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік берді.

Іс-шара барысында Академия өткізіп жатқан «Азаптауға қарсы іс-қимыл: осы санаттағы қылмыстардың алдын алудың ұйымдастырушылық және кадрлық аспектілері» тақырыбындағы ведомствоаралық ғылыми зерттеудің бастапқы  нәтижелері таныстырылып, ол конференцияға қатысушылардың оң пікірлерін тудырды және қызығушылығын арттырды.

Академияның айтылған ұсыныстары мен пікірлерін ұйымдастырушылар Орталық Азия мен Еуропа елдерінде оң тәжірибе ретінде тарату мақсатында конференцияның қорытынды құжатына енгізу үшін қабылдады.

  

Құқық қорғау органдары академиясының 
Баспасөз қызметі