Американдық серіктестермен кездесу

Бүгін құқық қорғау органдары академиясына АҚШ Мемлекеттік департаментінің INL Бюросының аға бағдарламалық кеңесшісі Джеймс Каллахан және АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің есірткіні халықаралық бақылау және құқық қорғау қызметі департаментінің қызметкерлері келді.

Қонақтарды қарсы ала отырып, университет ректоры Марат Сексембаев Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы құқықтық ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, бірлескен ғылыми және білім беру бастамаларын ілгерілетуде белсенді қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

 Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен Орталық Азия құқық қорғау органдары қызметкерлерінің трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы біліктілігін арттыру саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Атап айтқанда, ақшаны жылыстатуға, терроризмді қаржыландыруға, киберқылмысқа қарсы күрес саласында мамандар даярлауда сараптамалық қолдау көрсету туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

Сапар аясында Джеймс Каллахан Академияның прокуратура, ішкі істер, экономикалық тергеу қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және сот сараптамасы қызметкерлеріне арналған киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі оқу-практикалық орталығының базасында өтетін «Киберқылмыстарды тергеу» семинарының ашылуында сөз сөйледі.

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі