Қонақ дәрісі

19 сәуір күні «7 мамыр – Отан қорғаушылар күні» мерекесі қарсаңында Академияда Олжас Серікбайұлы Сүлейменовтің «Елге қызметі – Ұлы ізгілік!» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

Іс-шараға жоғары оқу орнының магистранттары, докторанттары және профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Олжас Сүлейменов – оратор, коучер, қоғам қайраткері, «Qazaqstan team» республикалық жастар бірлестігінің басшысы. Ұлттық құрылтай мүшесі.

Дәріскер табысқа жету жолында пайдаланған көшбасшылық стратегияларымен бөлісті, қазіргі жастардың рухани және адамгершілік тәрбиесі туралы, ұлттық дәстүрлер негізінде елді дамыту қажеттілігі туралы пікір білдірді, сондай-ақ іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі