Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында Қазақ КСР прокуроры Өтеген Сейітұлы Сейітовтің 100 жылдығын мерекелеуге арналған «Қылмыстық саясатты дамыту перспективалары» тақырыбында ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттағы магистранттар үшін ғылыми семинар өтті.
Іс-шара білім алушыларда қылмыстық саясатты дамытудың негізгі тенденцияларын, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын іске асыру практикасын талдау бойынша зерттеу жұмысының құзыреттері мен дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ қылмыстық әрекеттерге қарсы іс-қимылды жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында өткізілді.
Семинар жұмысы Қазақстан Республикасының қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамасын дамытудың негізгі бағыттары мен перспективаларын, оның ішінде іс жүргізу келісімдері институтының проблемалық мәселелерін, бюджеттік кредитті иемдену және жымқыру жолымен бюджет қаражатын ұрлауды, бюджеттік кредитті мақсатсыз пайдалануды, қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жоюды, алаяқтықты азаматтық-құқықтық азаптан ажыратуды талқылай отырып, ғылыми пікірталас нысанында өтті.
Семинарға ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттағы магистранттар, ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Талқылау барысында білім алушыларға диссертациялық зерттеулерде көрсетілетін ұсынымдар берілді. Сондай-ақ осындай форматтағы кездесулерді одан әрі өткізудің маңыздылығы мен қажеттілігі атап өтілді.
Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі