Пресс-релиз

Академия өкілдері Astana IT University базасында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Жас ғалымдар кеңесінің отырысына қатысты. Іс-шара Ғылым қызметкерлері күнін мерекелеу аясында өтті.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің жанындағы Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Еламан Айбульдинов, «Самғау» ғылыми-технологиялық бастамалар орталығы» қорының бас директоры Мақсат Мамашев, «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Сұлтанов, «Ғылым қоры» АҚ Басқарма төрағасы Әбілда Шаменов қатысты.

Сөз сөйлегендер қазақстандық ғылым мен инновацияның болашағын қалыптастырудағы жас ғалымдардың рөлін атап өтті. Инновациялық экожүйені дамытуды, сондай-ақ жас зерттеушілер үшін жаңа мүмкіндіктерді қамтитын ғылым саласындағы негізгі басымдықтарды белгіледі.

 

Құқық қорғау органдары академиясының 
баспасөз қызметі